|
|
|
|
Слова: Жумекена Нажимеденова, Нурсултана Назарбаева музыка: Шамши Калдаякова
-
Алтын күн аспаны,
-
Алтын дән даласы,
-
Ерліктің дастаны,
-
Еліме қарашы!
-
Ежелден ер деген,
-
Даңқымыз шықты ғой.
-
Намысын бермеген,
-
Қазағым мықты ғой!
-
-
Қайырмасы:
-
-
Менің елім, менің елім,
-
Гүлің болып егілемін,
-
Жырың болып төгілемін, елім!
-
Туған жерім менің - Қазақстаным!
-
-
Ұрпаққа жол ашқан,
-
Кең байтақ жерім бар.
-
Бірлігі жарасқан,
-
Тәуелсіз елім бар.
-
Қарсы алған уақытты,
-
Мәңгілік досындай,
-
Біздің ел бақытты,
-
Біздің ел осындай!
-
-
Қайырмасы:
-
-
Менің елім, менің елім,
-
Гүлің болып егілемін,
-
Жырың болып төгілемін, елім!
-
Туған жерім менің - Қазақстаным!

|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|